Мінеки, біздің
сапарымыздың аяқталуына екі күн қалды. Қызылорда балаларымен қайта қауышып, жақын
таныса басталуымыз қимастықпен қоштасуға әкелер дегенді ойласақ, көңіліміз құлази
береді.
Сонымен, күніміз
басталысымен «Орталық мұражайға» барып, көне ескерткіштермен таныс болдық. Бабаларымыздан
қалған мұраларды көру бізге үлкен ой салды.
Сапарымыз «Ана
және бала» диагностикалық орталығымен
жалғасты. Болашақ нәрестенің өмірі анаға тікелей байланысты екенін ұқтық. Бала
– өміріміздің мәні. Баланың қоғам ортасында алар орнын ескере отырып, әр
отбасының салауатты өмір салтын сақтауымен қатар, болашақ ұрпақтың ертеңін
ойлау – салауатты қоғамның қалыптасу негізі.
Күндегідей түскі
астан кейін сапарымызды жалғастырдық. толығырақ айтсақ, «Арай-Санрайс»
лагерінде «Нептун» күнін тойлап, көңілді күн өткіздік. Бұл күн біз үшін
ұмытылмастай боп өтті.
Күніміздің
соңында мектеп алаңында «БИ КЕШІН» ұйымдастырдық. Біраз көңіл көтеріп, бой
жазып қалдық. Бұл кешті ұйымдастырушы Қызылордалық Назарбаев Зияткерлік
мектебінің ұжымына алғысымызды айтамыз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий