воскресенье, 6 июля 2014 г.




Заманның қожасы мен тұтқасы кім ...?
«Біз дарамыз – туып-өскен жерімен!
  Біз данамыз – баба жолын қуумен!
  Адалдық пен қайсарлық бізге ұран
  Жас жүрекке үміт отын берумен!»-деп, бүгінгі күнде Ғани Мұратбаевтың 23 жылдық мәнді де, сәнді ғұмырын еске алып, жас қоғамның санасын оятатын, рух беретін өнегелі мұрасына куә болып, өзіндік әсер алып отырмыз. 

Қыршынынан қиылған  жас тұлғамыз өз заманының беделді тумасы болғаны біздерге мәлім. Жоба оқушылары Ғани Мұратбаев мұражайына, одан соң тарихи тұлғамыз 3 класстық училищеде 1914-1917 жылдар аралығында білім нәрімен сусындаған мектеп ордасына барып, өмірімен таныс болдық.
Бір күндік Қазалыда болған оқиғалар мен көрген-білгендеріміз өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. 


Балаларға ұнаған сәттердің бірі – Арал лагерьінің маңында орналасқан Қамбаш көліне барып қайту. 


Орналасқан қонақ жайымыз да көңілімізден шықты.
Бүгін негізінен рухани молаятын күн. Себебі, Қазалыда туып-өскен әйгілі Жанқожа батырымыздың кесенесіне де жол жүріп, бойымызды жинақтап, ойымызды түзеп алдық.


 Атар таңымыздың кемел де, жарқын болуын қалап өткен нар тұлғаларымыз біздерге мақтаныш, көне көзі.

Сөз соңын, Ғани айтпақшы «Заманның қожасы да, тұтқасы да – жастар»,-деп бүгінгі жас қоғамның алар орнын айқындып, біз- өткен мен келешекті жалғастыратын ұрпақ сенімі дей отыра, жас жүректің үміт отын тұтатамыз...




Комментариев нет:

Отправить комментарий