среда, 2 июля 2014 г.



«Армысыз барша қауым блог сүйер, өздеріңмен Қарағанды бірге жүрер» деп Қызылорда жеріндегі қызықтар мен оқиғаларды  баян еткелі отырмыз. Шілде айының екінші жұлдызы Астанадан келген 7 сынып оқушыларын қарсы аламыз деп асыққан Қарағандылық жетекшіміз – Ғабит  Мұхтарұлының есікті дүр қағуымен басталып, көңілдің сан құбылуымен аяқталды. Жобаларымыздың көш бастауына себеп болған бұл күн бізге өзіндік әсерімен есте қалды.
Қарағанды мен Қызылорда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдаса ұсынған Астаналық қонақтарға алғаш концерттік қойылымы әр мектепке жағымды да, қызықты боп бұл күннің сәтті жалғасуына жол ашты. Сыр елінің бізге күн өтпей  бауыр басқан жақынындай  көріп концертті ерікті жүргізуіне сенім артқандарына разы болдық. Біздің мектептің атынан пианино, ән айту, флешмоб сияқты нөмірлер ұсынылды.





Астаналықтарды қарсы алып болғаннан кейін әдеттегідей спорттық ойындарға кірісіп, бой жаздық. Кейін түскі асымызды ішіп, Қызылорда аз-тонналық мұнай өндіру зауытына сапарымызды бастадық. Сапар барысында біраз мағлұматтар алып, білімізді шыңдай түстік. Завод инженері Даупенов Талғатпен сұхбат жүргізіп, мұнай өңдеудің қыр-сырын сараладық. Сұхбат барасында мұнайдан бензин, дизтопливо және мазут өндіретініне көзімізді жеткіздік.




Осы сапарымыздан кейін Қызылорда және Қарағанды оқушылары және мұғалімдері болып қаланың орталық бөлігіне экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында бірнеше қызықты ойындар ұйымдастырып, бұрқақ (фонтан)  маңында жаздың символы - су шашу (обливашки) ойынын ойнадық.








Күніміз Қызылордалық волонтерлердің қимай қоштасуымен және жатақханадағы әр оқушының күнделік жазуымен аяқтады. Ертеңгі күні бізді өте қызықты сапар күтіп тұр, ол - әркімнің көкейінде жүрген Арал теңізіне шолу жасау. Сол себепті, біз Қазақстан экологиясына әсер етуші Арал теңізінің жайын саралауға асығудамыз...

Комментариев нет:

Отправить комментарий