четверг, 3 июля 2014 г.


Міне, асықтырған Арал өңіріне де келіп жеттік. Бүгін шілде айының үшінші жұлдызы.
Қызылорда қаласынан Арал өңіріне дейін жол ұзақ болды, күніміздің жартысы жолмен өтті.  Себебі, Батыс Қытай мен, Батыс Европаны байланыстыратын жол Қазақстаннан өтетініне байланысты жол жөндеулері болып жатыр. Алайда, жол жүру үстінде Қызылордалық достарымызбен барынша  жақынырақ араласып, ортақ әңгімелер болды.





Арал жеріне келіп тоқтағанымызда бірден мейрамханадан тамақтанып, «Арал» жатақханасына қоныстандық. Бұл жер өте шағын болғанымен, мекемелердің тығыз орналасуынан уақытты тиімді өткізіп, қызықты жерлерде қыдыруға мүмкіндіктер бар. Атап айтсақ, біз қоныстанған жатақхананың маңында мейрамхана, «Балықшылар мұражайы» және әр түрлі дүкендер орналасқан.







Көңіл көтеру мақсатында кешкі астан кейін «Балықшылар мұражайына» серуенге шықтық. Бұл мұражай ерте кездегі тартылып қалған Арал теңізінің орнында салынған. Әрине, осы жағдай бізді іштей қатты қынжылтты.  Оған дәлел ретінде осы жерден жиналған қосжақтаулы ұлуларды жатқызуға болады. Естен кетпес серуен барысында  Қызылорда, Қарағанды, Астанадан келген оқушылар бірігіп түрлі спорттық ойындар ұйымдастырды. Әдеттегідей волейбол, футбол ойындарын ойнады. Серуен соңында  барлық оқушылар бір алаңға жиналды.Қызылордалық кураторымыз барлық оқушыларға өлең сөздерін таратып берді. Ал барлығы бір отбасындай бірігіп осы өлеңдерді айтты. Келешекте оқушылар  осы өлеңдерді естігенде қазіргі кезді еске алып, жүздерінде күлкі оянатыны сөзсіз. Соңында бүгінгі өткізген күндер туралы ойлар бөлісті.

Қорытындылайтын болсақ, ертең бізді талай сапарлар күтуде. Ол сапарлар жайында келесі блогымызда толығырақ таныс боласыздар. Осы «Туған елге тағзым» жобасы аясындағы басқа да Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмыстары жайлы ақпаратты www.facebook.com/groups/202752336546593/?ref=ts&lfref=ts  сайтында оқи аласыздар.

Комментариев нет:

Отправить комментарий