понедельник, 7 июля 2014 г.


Сәлем достар!
Қазақтың қасиетті саны- жобамыздың жетінші күніне де келіп жеттік. Ал енді бүгінгі экспедициямызды баян етейік.
1950 жылы ашылған Н.Бекежанов атындағы «Қызылорда облыстық драма театрына» барған болатынбыз. Бізді театр режиссёры- Хусейн Әмір-Темір мен оның әріптестері Қарлығаш және Дина апайларымыз қарсы алды. Біз театр өмірімен таныс болып, театр жайында мағлұматтандық. Ол- елеулі жетістіктерге жеткен, өзіндік орны бар театрлардың бірі. Айта кетерлік жайт, Қызылорда қаласында қыркүйек айының 10-14 аралығында 22- республикалық театрлар фестивалі өтеді. Онда 9 театр майталмандары өнерлерін көрсетпек.


Түскі ас ішіп әлденіп алғаннан кейін, жолымыз «Абзал и К» компаниясына түсті. Бұл компанияның негізін қалаушы «Қазақстан еңбек ері» атағының иегері - Абзал Ералиев ағамыз. Бұл компания күріш өндірумен айналысады  және өндірген күрішті Қазақстанға және басқа да ТМД елдеріне экспорттайды. Бұл сапар барысында біз Абзал ағамыздың өмірімен танысып, біраз сыр шертістік.


Абзал Ералиевтың жасаған еңбегінің жемісін Нағи Жиенбаев ауылына барғанда байқадық. Ағамыздың арқасында бұл ауыл көркейіп, гүлденген. Әрі, Абзал Ералиев оқыған мектепке бардық.
Қорытындылай келе, бүгін біз Қызылорда қаласын біраз аралап, таныстық. Экспедициямыз аяқталғанша толығымен бұл қаланы танып, біліп шығатынымызға сенімдіміз.






Комментариев нет:

Отправить комментарий