Бүгін біздің
сапарымыздың алтыншы күні. Күніміз
Қазалы қаласынан Қызылорда қаласына жол жүруге қамданумен басталды. Қазалы
қаласынан кетпей тұрып орталық алаңдағы Ұлы отан соғысына қатысқандарға
арналған манументке соғып, тағзым етуді жөн көрдік.
Түскі астан кейін
барлық жолаушылар бірігіп жолға шықты. Жол ұзақ болғандықтан, қобыздың атасы,
бабамыз Қорқыт атаның кесенесі орналасқан мекенге келдік. Тарихшымыздың айтуы
бойынша, Қорқыт ата жайында аңыз әңгімелер мен дастандар өте көп. Солардың
бірі, Қорқыт ата туар кезде анасының құрсағында үш жыл жатқан және туылған күні
күн қарайып, жауын жауған. Сол себепті де халық үрейленіп бабамызды «Қорқыт»
атаған. Бұл өңірде Қорқыт атамыз жайында қызықты мағұлмат алып, сыр шертістік. Тағыда қосарым,
бұл өңірде балбал тастарды да көрдік. Бұл тастар жайында біраз аңыздар естіп,
тарихымен таныс болдық.
Бұл жерден
тамақтанып алып, жолымызды әрмен қарай жалғастырдық. Аман есен елімізге оралып,
демалуға кірістік.
Комментариев нет:
Отправить комментарий