среда, 2 июля 2014 г.

Сәлем достар! Біз, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сонау Қарағанды жерінен Сыр елі Қызылорда қаласына ат терлетіп келіп жеттік. Бізге «Туған елге тағзым» жобасы аясында, өз еліміздің тарихын зерттеп, мәдениетін тануға  мүмкіндіктер туып тұр.
Ал енді біздің Қызылорда қаласындағы бірінші күнімізге, яғни 1 шілдеге тоқталатын болсақ, күніміз вокзалдан Ордалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің құшақ жая қарсы алуынан басталды. Осы мектептің 11 сынып түлегі - Асқар өз қаласымен қысқаша таныстырып, мектепке алып келді. Асқардың «Бізде ауа райы негізі өте ыстық, бірақ бүгін Қарағандының оқушылары өздерімен бірге суықты алып келгенге ұқсайды» деген сөзі әлі есімізден кетпейді. Шыныменде, ауа райы әдеттегі елестеткендей емес, біршама салқындау екен.   Мектепке келген уақытта оқушылар өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынып, қонақжайлылықтарын көрсетті.
Концерт аяқталғаннан кейін Қарағандыдан келген оқушылар біраз демалып, Қызылордалықтармен бірге спорттық ойындар ойнауға кірісті. Атап айтатын болсақ волейбол, баскетбол және велосипед тебу.
Ең басты қуанарлық жайт, Қызылорда тұрғындары өз ана тілдерін құрметтеп, қастерлей біледі екен. Қазақ тілінің осындай құрметке ие болуы бізді қатты қуантты.  
Қорытындылай келе, алда әлі 9 күн бар. Сол себепті әліде қызықты оқиғалар орын алады деп Қызылордалықтарға сенім артамыз. Бұл әзірге біздің алғашқы блогымыз, егер сіздерге қызықты болып жатса, келесі блогымызды жіберіп алмаңыздар!
(Қарағанды Зияткерлік мектебінің оқушылары)






Комментариев нет:

Отправить комментарий