воскресенье, 6 июля 2014 г.



Аралдағы екінші   күніміз танымдық жаңалықтарға толы болды. «Арал балық зауытынан» бастап «Арал өлкетану музейіне» дейін саяхат жасадық.
Таңғы асымызды іше сала «Арал балық зауытына» жол тарттық. Бұл зауыт 2009 жылы өз жұмысын бастаған екен. Зауыттың негізгі қызметі -  балықтан әр түрлі өнім шығару. Бұрын соңды мұндай күрделі мекемелерге  жол ізін салмаған оқушылар үшін бұл сапар өте қызықты және пайдалы болды.
Сонымен қатар, «Ас атасы-тұз» демекші Арал тұз зауытына да жол түсті. Таудай болып үйіліп жатқан тұз барлығымызды таң қалдырмай қоймады. Кешен қызметкерінің айтулары бойынша, бұл зауыт тұзбен Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар шекаралас ТМД елдеріне де экспорттайды.




Экспедициямыздың келесі сатысы мәдениет үйіндегі мұражаймен жалғасты. Бұл мұражайдан тұз өндіру саласының тарихымен хабардар болып, атақты кеншілермен таныстық.
«Арал балықшылар» мұражайына жолымыз түсіп, біраз ақпарат алдық. Ең алдымен Арал өңірінің тарихы мен даму сатысын баян етіп, тарихи жәдігерлермен таныстық. Кеменің ішкі құрылысымен бетпе-бет келу біз үшін айтарлықтай жаңалық болды. Біз өзімізді теңізде жүргендей сезіндік.



Достар, біз үшін ең үлкен оқиға «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының» басты филиалына барып, қорықтың жағдайы мен даму үрдісімен таныс болдық. Ашып айтар болсам, қорық 1939 жылы «қорық» статусын алған. Шөлді аймақта орналасып, 298 өсімдікті, 7 сүтқоректілерді, 78 құстарды қамқорға алған.






Күніміздің соңында 1988 жылы ашылған «Арал аудандық тарихи өлкетану мұражайына» бардық. Бұл мұражай өзінің құнды жәдігерлерімен есте қалды. Мұражай Арал өңірінде тіршілік ететін жануарлардың мүсіндерін, 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың есімін және тағы басқа тарихи жәдігерлерді қамтиды.



Осы сапарлардың бәрі өте қызықты болды.Қорытындыласақ, кешкі астан кейін сыртқа шығып, таза ауамен тыныстадық. Бүгінге айтарымыз осы, ертеңгі күнді  асыға күтудеміз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий