Армысың қазақ
халқым, туған өлкем,
Сағынумен өзіңді
өтер күндер.
Бүгінгі тоғызыншы
сапар бітіп
Қызылорда
жеріндемін «алыс еркем»...
Оқырмандар, бүгінгі күн қоштасудың жақындығын сездіріп, сезімнің желін
есіткендей болды. Көңіл толқып, Орда балаларымен жақын араласа бастауымыз бізге
қызықты болса, ендігі күндер жоба аясындағы қарым-қатынастар оралмайтынын
ойлап, күнірінсек, басқа күйге енеміз. Қызылордалықтар! Біз бен сіз-бір
болғандықтан, ұмытылмас сәттер әрдайым есте өздеріңізбен жүрсін дегіміз келеді.
Жобамыз аяқталғанын сезіп жүрген біздер, қимастықпен еске алатын боламыз.
Бүгінгі күн жайында айтар болсақ, таңертең Қорқыт ата атындағы
университетке барып, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» мұражайында тілегіміз бен
қолтаңбамызды қалдырдық. Бұл университет біздің рухымызды жандандыруға себепші
болды. Экспедициямыздың соңы болғандықтан,күніміздің бір бөлігін қызықты
өткізуді жөн көрдік.
Одан кейін, «Гидроузил» мұражайына барып, егін шаруашылығын сумен
қамтамасыз ету технологиясымен және еңбек сіңірген қайраткерлермен таныс
болдық. Сапарымыз шіркеуге барумен жалғасты. Бұл 1878 жылы қаланған көркем
безендірілген орын болып табылғанымен, кейбір қазақтың түйсігіне әсер еткені де
бар.
Жалпы күніміз «толқынның ағысындай» болып өтті. Достар, біздер жоба барысындағы
мақсаттарымызға жете отырып, қызықты әсер алудамыз. Алғысымыз өздеріңізге
арналады. Ертеңгі күн біздер үшін өткен күндерден қызығырақ, сол себепті
ертеңгі күнді бізбенен бірге асыға тосыңыздар...