среда, 9 июля 2014 г.

Армысың қазақ халқым, туған өлкем,
Сағынумен өзіңді өтер  күндер.











Бүгінгі тоғызыншы сапар бітіп
Қызылорда жеріндемін «алыс еркем»...
Оқырмандар, бүгінгі күн қоштасудың жақындығын сездіріп, сезімнің желін есіткендей болды. Көңіл толқып, Орда балаларымен жақын араласа бастауымыз бізге қызықты болса, ендігі күндер жоба аясындағы қарым-қатынастар оралмайтынын ойлап, күнірінсек, басқа күйге енеміз. Қызылордалықтар! Біз бен сіз-бір болғандықтан, ұмытылмас сәттер әрдайым есте өздеріңізбен жүрсін дегіміз келеді. Жобамыз аяқталғанын сезіп жүрген біздер, қимастықпен еске алатын боламыз.
Бүгінгі күн жайында айтар болсақ, таңертең Қорқыт ата атындағы университетке барып, «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» мұражайында тілегіміз бен қолтаңбамызды қалдырдық. Бұл университет біздің рухымызды жандандыруға себепші болды. Экспедициямыздың соңы болғандықтан,күніміздің бір бөлігін қызықты өткізуді жөн көрдік.
Одан кейін, «Гидроузил» мұражайына барып, егін шаруашылығын сумен қамтамасыз ету технологиясымен және еңбек сіңірген қайраткерлермен таныс болдық. Сапарымыз шіркеуге барумен жалғасты. Бұл 1878 жылы қаланған көркем безендірілген орын болып табылғанымен, кейбір қазақтың түйсігіне әсер еткені де бар.
Жалпы күніміз «толқынның ағысындай» болып өтті.  Достар, біздер жоба барысындағы мақсаттарымызға жете отырып, қызықты әсер алудамыз. Алғысымыз өздеріңізге арналады. Ертеңгі күн біздер үшін өткен күндерден қызығырақ, сол себепті ертеңгі күнді бізбенен бірге асыға тосыңыздар...


вторник, 8 июля 2014 г.


Мінеки, біздің сапарымыздың аяқталуына екі күн қалды.  Қызылорда балаларымен қайта қауышып, жақын таныса басталуымыз қимастықпен қоштасуға әкелер дегенді ойласақ, көңіліміз құлази береді.

Сонымен, күніміз басталысымен «Орталық мұражайға» барып, көне ескерткіштермен таныс болдық. Бабаларымыздан қалған мұраларды көру бізге үлкен ой салды.





Сапарымыз «Ана және бала» диагностикалық  орталығымен жалғасты. Болашақ нәрестенің өмірі анаға тікелей байланысты екенін ұқтық. Бала – өміріміздің мәні. Баланың қоғам ортасында алар орнын ескере отырып, әр отбасының салауатты өмір салтын сақтауымен қатар, болашақ ұрпақтың ертеңін ойлау – салауатты қоғамның қалыптасу негізі.

Күндегідей түскі астан кейін сапарымызды жалғастырдық. толығырақ айтсақ, «Арай-Санрайс» лагерінде «Нептун» күнін тойлап, көңілді күн өткіздік. Бұл күн біз үшін ұмытылмастай боп өтті.

Күніміздің соңында мектеп алаңында «БИ КЕШІН» ұйымдастырдық. Біраз көңіл көтеріп, бой жазып қалдық. Бұл кешті ұйымдастырушы Қызылордалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымына алғысымызды айтамыз.

понедельник, 7 июля 2014 г.


Сәлем достар!
Қазақтың қасиетті саны- жобамыздың жетінші күніне де келіп жеттік. Ал енді бүгінгі экспедициямызды баян етейік.
1950 жылы ашылған Н.Бекежанов атындағы «Қызылорда облыстық драма театрына» барған болатынбыз. Бізді театр режиссёры- Хусейн Әмір-Темір мен оның әріптестері Қарлығаш және Дина апайларымыз қарсы алды. Біз театр өмірімен таныс болып, театр жайында мағлұматтандық. Ол- елеулі жетістіктерге жеткен, өзіндік орны бар театрлардың бірі. Айта кетерлік жайт, Қызылорда қаласында қыркүйек айының 10-14 аралығында 22- республикалық театрлар фестивалі өтеді. Онда 9 театр майталмандары өнерлерін көрсетпек.


Түскі ас ішіп әлденіп алғаннан кейін, жолымыз «Абзал и К» компаниясына түсті. Бұл компанияның негізін қалаушы «Қазақстан еңбек ері» атағының иегері - Абзал Ералиев ағамыз. Бұл компания күріш өндірумен айналысады  және өндірген күрішті Қазақстанға және басқа да ТМД елдеріне экспорттайды. Бұл сапар барысында біз Абзал ағамыздың өмірімен танысып, біраз сыр шертістік.


Абзал Ералиевтың жасаған еңбегінің жемісін Нағи Жиенбаев ауылына барғанда байқадық. Ағамыздың арқасында бұл ауыл көркейіп, гүлденген. Әрі, Абзал Ералиев оқыған мектепке бардық.
Қорытындылай келе, бүгін біз Қызылорда қаласын біраз аралап, таныстық. Экспедициямыз аяқталғанша толығымен бұл қаланы танып, біліп шығатынымызға сенімдіміз.






воскресенье, 6 июля 2014 г.

Бүгін біздің сапарымыздың алтыншы күні.  Күніміз Қазалы қаласынан Қызылорда қаласына жол жүруге қамданумен басталды.Қазалы қаласынан кетпей тұрып орталық алаңдағы Ұлы отан соғысына қатысқандарға арналған манументке соғып, тағзым етуді жөн көрдік.





Түскі астан кейін барлық жолаушылар бірігіп жолға шықты. Жол ұзақ болғандықтан, қобыздың атасы, бабамыз Қорқыт атаның кесенесі орналасқан мекенге келдік. Тарихшымыздың айтуы бойынша, Қорқыт ата жайында аңыз әңгімелер мен дастандар өте көп. Солардың бірі, Қорқыт ата туар кезде анасының құрсағында үш жыл жатқан және туылған күні күн қарайып, жауын жауған. Сол себепті де халық үрейленіп бабамызды «Қорқыт» атаған. Бұл өңірде Қорқыт атамыз жайында қызықты мағұлмат алып, сыр шертістік.Тағыда қосарым, бұл өңірде балбал тастарды да көрдік. Бұл тастар жайында біраз аңыздар естіп, тарихымен таныс болдық.



Бұл жерден тамақтанып алып, жолымызды әрмен қарай жалғастырдық. Аман есен елімізге оралып, демалуға кірістік.





Заманның қожасы мен тұтқасы кім ...?
«Біз дарамыз – туып-өскен жерімен!
  Біз данамыз – баба жолын қуумен!
  Адалдық пен қайсарлық бізге ұран
  Жас жүрекке үміт отын берумен!»-деп, бүгінгі күнде Ғани Мұратбаевтың 23 жылдық мәнді де, сәнді ғұмырын еске алып, жас қоғамның санасын оятатын, рух беретін өнегелі мұрасына куә болып, өзіндік әсер алып отырмыз. 

Қыршынынан қиылған  жас тұлғамыз өз заманының беделді тумасы болғаны біздерге мәлім. Жоба оқушылары Ғани Мұратбаев мұражайына, одан соң тарихи тұлғамыз 3 класстық училищеде 1914-1917 жылдар аралығында білім нәрімен сусындаған мектеп ордасына барып, өмірімен таныс болдық.
Бір күндік Қазалыда болған оқиғалар мен көрген-білгендеріміз өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. 


Балаларға ұнаған сәттердің бірі – Арал лагерьінің маңында орналасқан Қамбаш көліне барып қайту. 


Орналасқан қонақ жайымыз да көңілімізден шықты.
Бүгін негізінен рухани молаятын күн. Себебі, Қазалыда туып-өскен әйгілі Жанқожа батырымыздың кесенесіне де жол жүріп, бойымызды жинақтап, ойымызды түзеп алдық.


 Атар таңымыздың кемел де, жарқын болуын қалап өткен нар тұлғаларымыз біздерге мақтаныш, көне көзі.

Сөз соңын, Ғани айтпақшы «Заманның қожасы да, тұтқасы да – жастар»,-деп бүгінгі жас қоғамның алар орнын айқындып, біз- өткен мен келешекті жалғастыратын ұрпақ сенімі дей отыра, жас жүректің үміт отын тұтатамыз...






Аралдағы екінші   күніміз танымдық жаңалықтарға толы болды. «Арал балық зауытынан» бастап «Арал өлкетану музейіне» дейін саяхат жасадық.
Таңғы асымызды іше сала «Арал балық зауытына» жол тарттық. Бұл зауыт 2009 жылы өз жұмысын бастаған екен. Зауыттың негізгі қызметі -  балықтан әр түрлі өнім шығару. Бұрын соңды мұндай күрделі мекемелерге  жол ізін салмаған оқушылар үшін бұл сапар өте қызықты және пайдалы болды.
Сонымен қатар, «Ас атасы-тұз» демекші Арал тұз зауытына да жол түсті. Таудай болып үйіліп жатқан тұз барлығымызды таң қалдырмай қоймады. Кешен қызметкерінің айтулары бойынша, бұл зауыт тұзбен Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар шекаралас ТМД елдеріне де экспорттайды.




Экспедициямыздың келесі сатысы мәдениет үйіндегі мұражаймен жалғасты. Бұл мұражайдан тұз өндіру саласының тарихымен хабардар болып, атақты кеншілермен таныстық.
«Арал балықшылар» мұражайына жолымыз түсіп, біраз ақпарат алдық. Ең алдымен Арал өңірінің тарихы мен даму сатысын баян етіп, тарихи жәдігерлермен таныстық. Кеменің ішкі құрылысымен бетпе-бет келу біз үшін айтарлықтай жаңалық болды. Біз өзімізді теңізде жүргендей сезіндік.



Достар, біз үшін ең үлкен оқиға «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының» басты филиалына барып, қорықтың жағдайы мен даму үрдісімен таныс болдық. Ашып айтар болсам, қорық 1939 жылы «қорық» статусын алған. Шөлді аймақта орналасып, 298 өсімдікті, 7 сүтқоректілерді, 78 құстарды қамқорға алған.






Күніміздің соңында 1988 жылы ашылған «Арал аудандық тарихи өлкетану мұражайына» бардық. Бұл мұражай өзінің құнды жәдігерлерімен есте қалды. Мұражай Арал өңірінде тіршілік ететін жануарлардың мүсіндерін, 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдардың есімін және тағы басқа тарихи жәдігерлерді қамтиды.



Осы сапарлардың бәрі өте қызықты болды.Қорытындыласақ, кешкі астан кейін сыртқа шығып, таза ауамен тыныстадық. Бүгінге айтарымыз осы, ертеңгі күнді  асыға күтудеміз.